Текст песни зируза сонгы нукте
Обновлено: 22.12.2024
Жаңбырлы түнде
Келемін міне,
Қосыла бірге
Көздерімнің жасы.
Көңілім сенде,
Сенікі өзге.
Не болды бізге?
Созылды бұл қайғы.
Артыңнан ерем,
Сонда да көрем,
Кешегі сені.
Естеліктерден
Қалған суреттер,
Тартады мені.
Терезелерден
Көрінетін шам,
Ерте сөнеді.
Алғашқы сезім,
Ояттың менен
Сынық бөлшегім.
Ааа қинамашы, қинамашы мені,
Ааа алыстадың, бұл сезім ереді
Ааа қинамашы, қинамашы мені,
Ааа адастырған бұлт мені сезеді.
Болды ма бәрі бекер,
Жүрегім тағы да елеңдеуде.
Ойларың мүлде бөтен,
Қайталанбайтын қателіктерге.
Айтарым көп.
Иә, айтарым көп.
Тек біздегі ертегіде өртейді қойылмай соңғы нүкте.
Қинамашы сен
Қинамаймын мен
Ертегі біткен
Тоқтатайық бәрін.
Читайте также: