Я и сен текст песни

Обновлено: 23.11.2024

Менің дауысым сенің жүрегіңде
Иа, Мен үшін алаңдайсың күнде
Көбіне түнде , болмайтынымды үйде
Білесің, бәрібір табасың іздеп
Менде сені іздеп таптым
Жүрегімді құлыптап жаптың
Түн салқын болсада ұнайды
Тұрған есігіңнің алдында құшақтап қатты
Ұзартып бойыңды мойныңнан
Құшақтап тұрғанда ойыма
Келмеді ештеңе айрылам естен
Сыбырлап мен тек Сені сүйем
Бұл әуен сен жайлы болғандықтан
Парақты шимайлап сызып қаншарет жыртқам
Себебі сені сөзбен айту қиын
СЕН менің жетістігімсің өмірден ұтқан

Айменен күн
Күнменен түн
Бәрі сен үшін
Ал сен мен үшін

Жүрегіммен сені қаладым
Өмірімде сендей адамым
Барына қатты қуанамын
Жаным бұл саған арналған әнім
Білем қызғанышпен ренжіттім талай
Бірақ ойлашы сені тастап қалай?
Кете алам айтшы мен оңай
Мүлдем жасай алмаймын мен олай
Ойлай, ойлай шаршадыңба жаным?
Даусыңнан сезіледі мен үшін алаңдағаның
Алаңдама жаным
Мен сенің қасыңдамын

Читайте также: