Текст песни той бастар

Обновлено: 23.11.2024

Кел, достар
Кел, жастар
Күл де ойна
Жолдастар!

Бас-бас, басыңыз
Үлкен, кіші жасыңыз
Дос сүйініп, күйінсін
Көре алмаған қасыңыз

Әне жігіт, міне қыз
Келіндер де келіпсіз
Томсырайып отыру
Мұндай жерде келіссіз

Шырқа әнге шалықта
Би дегенде жалықпа
Өнеріңді аямай
Қызмет қыл халыққа

Бозбала
Қозғала
Қызмет қыл
Аз ғана

Ал, жігіттер, тебіңіз
Жеткенінше деміңіз
Қыздарға да қарап қой
Өкпе айтпасын теңіңіз

Кімдер әнші, кім биші
Домбырашы, кім күйші?
Әнді шырқа, биді теп
Домбыра тарт, күйді төк

Ән-күй ағылсын
Барабандар қағылсын
Қыз-бозбала гүл жайнап
Тойдың көркі табылсын

Уа, шіркін
Қыз-қырқын
Ойынымның
Бұзба ырқын

Тойымызда табысты
Жібермеңдер намысты
Айтыс қозғап ақының
Үдетіңдер шабысты

Читайте также: