Текст песни ен сулу ана

Обновлено: 23.11.2024

Ана сенің ақ жүрегің
Мейірімнің мекені
Балаң түгел, далаң түгел
Бәрі сыйып кетеді
Бір-ақ тамшы ақ сүтіңнің
Табылар ма өтеуі
Ана сенің әлдиіңе қандай әуен жетеді.

Қайырмасы:
Ана сенің бір тал аппақ шашыңда
Бейнет бар-ау татитын мың ғасырға
Ана сенің бір тамшы көз жасыңда
Мұхиттан да ауыр мұң бар расында
Бақытты өмір тарту етші Тәңірім
Бізге өмір тарту еткен асылға.

Ана сенің жанарыңда
Күннен артық жылу бар
Әжіміңе татымайды-ау
Әлемде бар сұлулар
Гүл аңқыған ең әйгілі
Әтірлері ғаламның
Иісіндей бола алмайды
Құшақтаған анамның.

Читайте также: