Текст песни дедім ай ау

Обновлено: 19.09.2024

Айналайын ақ жүзің айдан аппақ
Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ дедім ай ау
Көрген адам қасыңнан кете алмайды
Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап дедім ай ау
Қайырмасы:
Алма ағаштың гүліндей ау
Текеметтің түріндей ау
Өтіп дәурен бара жатыр
Сіз бізге білінбей ау
Құлағыңа таққаның күміс сырға
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға дедім ай ау
Сағыныштан сарғайып шыдам таппай
Мен өзіңді қосамын ән мен жырға дедім ай ау
Қайырмасы.

Читайте также: