Перзент сыры текст песни

Обновлено: 23.11.2024

1. Уақыт ұрлап барады ажарыңды
Ана сенің өмірің ғажап үлгі
Өткен күнге отырсың шүкір айтып
Құтқа балап кешкен мұң-азабыңды.
Қ-сы:
Сын шақтарда қалған жоқ жүгің құлап
Жаныма Ана сенің жырың қуат
Кеше біздер бала едік түсінбеппіз
Түсіне алмай жүрміз-ау бүгін бірақ.
2. Еңсеңізге, сыр бермей нала-мұңға
Сен қатесін кешірдің баланың да
Тұрды ананың мейірімі жанарыңда
Тұрды әкенің ашуы қабағыңда.
Қ-сы:
3. Жүзіңді әжім барады көлеңкелеп
Аңғармаппын жүрдім де мен еркелеп
Мынау ғазиз әлемнің жылуынан
Махабаттың шуағы ерек бөлек.
Қ-сы:

Читайте также: