Ей перизат текст песни

Обновлено: 22.11.2024

Ей перизат аңсар жаңға,
Тағдыр дәйім гүл берерме.
Жуынатын кәусар барма?
Ақ қанатың кірлегенде.

Сені ойласам - ей перизат,
Жан жүрегім қан жылaған.
Бар тілегім - ей перизат,
Қайда жүрсең сен жүр аман.

У берсеңде шөлдегенде,
Бас тартпаймын сен дегенде.

Жан шыксада - ей перизат,
Өкініштің бар салмағы.
Кештім сені - ей перизат,
Қанша азапқа салсаң дағы.

Мен өзіңді сүйіп өтем,
Сені суймеу Күйік екен.

Ей перизат шыққан ақтап,
Қылығымды ел теріс десін.
Судан таза - сүттен аппақ,
Сен мен үшін періштесің.

Читайте также: