Текст песни нурым куаныш

Обновлено: 23.11.2024

1) Бір сезім мазалайды жүрек түкпірін,
Шыға алмай нәзік сезім шыңырауынан.
Сен келер деп таңдарды күзеттім, күнім,
Шығардай сұлуым күліп алдымнан.
Қайғысын ғашық жүрек ішіне жұтты,
Ажарың айдан әсем, ақ жүзін айна.
Күтумен тағат, төзім таусылып бітті,
Сағынтып, келмей қойдың, қайдасын, қайда?

Қайырмасы:
Басымды қайғы қармылып,
Тұманды оймен таластым.
Мен сені Ләйліге балап,
Мәжнүндей естен адастым.
Мен сені Ләйліге балап, сағынып аңсап,
Мәжнүндей естен адастым.

2) Сен жоқта қалай ғана жаным гүлдейді,
Сен ойлап сағыныштан сезім кернейді.
Қайтейін жас жүрекке әмір жүрмейді,
Өзіңнен басқа жанға төрін бермейді.
Қайғысын ғашық жүрек ішіне жұтты,
Ажарың айдан әсем, ақ жүзін айна.
Күтумен тағат, төзім таусылып бітті,
Сағынтып, келмей қойдың, қайдасын, қайда?

Қайырмасы:
Басымды қайғы қармылып,
Тұманды оймен таластым.
Мен сені Ләйліге балап,
Мәжнүндей естен адастым.
Мен сені Ләйліге балап, сағынып аңсап,
Мәжнүндей естен адастым.

Читайте также: