Текст песни на казахском языке еркемай

Обновлено: 19.09.2024

Тойым тойға ұлассын
Салған әнім қыр ассын
Әнін берген Еркеге
Бағын берсін Күләштің
Атылмасын шалқайсам
Марапатқа марқайсам
Әнші Жамал апамдай
Әнімді айтып қартайсам


[Қайырмасы]
Еркем еркем еркем-ай
Еркем десен көркем-ай
Елдің еркелеткені
Ең ғажайып ертегі ай.


Аналардай нұрлансам
Ізгілерден үлгі алсам
Жазтандайы қазақтың
Роза апамдай гүл болсам
Мейірін ел асырған
Ақ Баяны масылдан
Мәдина апама еліктедім жасымнан


[Қайырмасы]
Еркем еркем еркем-ай
Еркем десен көркем-ай
Елдің еркелеткені
Ең ғажайып ертегі ай


Қызығардай қыр гүлі
Сүйсінердей күн нұры
Бибігүлдей бағының
Болсам шіркін бұлбұлы
Ерке қыздың сенері
Қазақ деген ел еді
Мақпал апам секілді
Ерке болғым келеді


[Қайырмасы]
Еркем еркем еркем-ай
Еркем десен көркем-ай
Елдің еркелеткені
Ең ғажайып ертегі ай


Жауhазындай жас күнім
Махаббатқа мас күнім
Қарақаттай қазақтың
Тұмар етсем дәстүрін
Шаршап белді таянбай
Ару қызы Баяндай
Өнер үшін ән үшін
Тер төгемін аянбай


[Қайырмасы]
Еркем еркем еркем-ай
Еркем десен көркем-ай
Елдің еркелеткені
Ең ғажайып ертегі ай

Еркем еркем едім ай
Кербезденген керім ай
Еркелеген еркемді
Еркелетші елім-ай

Другие песни исполнителя:

Ерке Есмахан

Махаббат оттан ыстық Шымырлатқан алаулатқан жалынымен Сезім жете жете жетелеші Сенім кете кете берші Жанына бір жалғыз Махаббатсыз жан арманым Жанға дауа таба алмадым Жырақтамай жүрші жанымда Махаббатсыз жан арманым Жанға дауа таба алмадым Жырақтамай жүрші жанымда Сезіміне бал екенсің Бақытыма дәнекерсің Мені жаным тереңдепте Сен бар кезде төбем көкке Жетер жаным мына менінде Сүйген жүрек сырласады Көңілге қарай басады Махаббатсыз мұң басады Жаға беріп жүрші жанымда Сезім жете жете жетелеші Сенім кете кете берші Жанына бір жалғыз Махаббатсыз жан арманым Жанға дауа таба алмадым Жырақтамай жүрші жанымда Махаббатсыз жан арманым Жанға дауа таба алмадым Жырақтамай жүрші жанымда Саған үнсіз асыл әнім Әр күн сайын асығамын Нұрын шашқан биік күнсің Сыңар аққу сүйіктімсің Ардай қымбат асылым менің Сезім жете жете жетелеші Сенім кете кете берші Жанына бір жалғыз Махаббатсыз жан арманым Жанға дауа таба алмадым Жырақтамай жүрші жанымда Махаббатсыз жан арманым Жанға дауа таба алмадым Жырақтамай жүрші жанымда

Читайте также: