Текст песни мейрамбек беспаев сагындым

Обновлено: 22.11.2024

Ең алғашқы балалық махаббатты сағындым
Ақыл айтқан даналы шапағатты сағындым
Ерте өткен өмірден талғауымен Тәңірдің
Кетпес бірақ көңілден достарымды сағындым
Ақылы кең дария даналықтың кешені
Қайда кеткен қария ақсақалдар кешегі
Бабалардың ізі бар даламды кең сағындым
Айдай аппақ жүзі бар анамды мен сағындым
Қой үстінде боз торғай ұя салған кездер-ай
Айтылмаған сөз қалмай ұға салған кездер-ай
Кішілері әркезде үлкендерін сыйлаған
Қайда-қайда сол кездер кімдер бүгін сыйлады

Ал жігіттер бұл күнде салынған бос селтекке
Не боп кеткен шіркіндер әйелме әлде еркек пе?!
Қыздар нәзік деседе айылдарын жимайды
Әттен-әттен көшеде тән сатқаны қыйнайды
Қайда ата салтымыз, қайда атақ даңқымыз
Салт-дәстүрді жоғалтсақ не болады халқымыз
Шұбарланды тіліміз, тұманданды дініміз
Тіл мен дінді жоғалтсақ не болады күніміз

Қиындық жоқ женбейтін, күдіктерден арылдым
Өмірбақи өлмейтін үміттерге бағындым
Жүре өткен жолымда бәрін-бәрін сағындым
Бәрі тағдыр қолында бір Аллаға табындым

Читайте также: