Текст песни ламбада на казахском

Обновлено: 19.09.2024

Келбетің бар ұнайтындай ханзадаға
Тəтті қызсың тəуелді емес жарнамаға
Қаңтардағы қаршығадай əп əдемі
Сұлуымда шақырайын ламбадаға
Сендей жанды жүрек қалай сағынбайды
Сағынбасада қаламаса бағынбайды
Мен жер жүзін шарласамда дəл өзіңдей
Ламбаданы билейтін қыз табылмайды

Қайырмасы
Биле биле тағы тамсандырып
Тебірентің жүрегімді əн салдырып
Төзіміңнен айналайын адал жүрек
Мен үшін билеуші едің шаршап жүріп

Көздеріңнен шаттық нұры шагылды кеп
Өзге гүлден артық көрдім асыл жібек
Ламбадамен көз жаулаған сендей жанды
Қызғанбаса тұра алмайды ғагық жүрек
Бағаладың көңілімнің арман əнін
Саған əнім билеу үшін арналады
Мендік болам десең егер бір шартым бар
Сен менімен билейсің ламбаданы

Қайырмасы
Биле биле тағы тамсандырып
Тебірентің жүрегімді əн салдырып
Төзіміңнен айналайын адал жүрек
Мен үшін билеуші едің шаршап жүріп

Читайте также: