Омирден коркам текст аккорды

Обновлено: 22.11.2024

Ауырдан емес жеңілден қорқам
Қадірі төмен болар деп
Өлімнен емес өмірден қорқам
Отбасым жарым қалар деп
Адамнан емес алладан қорқам
Кешірмей қойса нетем деп
Әкемнен асыл анамнан қорқам
Қайғы көрмесе екен деп

Қайырмасы
Сыйлаңдар ата-ананы
Солармен өмір бағалы
Жылатып қара көздерді
Жетім етпейік баланы
Сыналу үшін сыйлаған
Жаратқан мынау ғаламды
Қорқыныш болмас жүректе
Түзетсек бірге заманды

Бақыттан емес уақыттан қорқам
Мезгіл сағатым жетер деп
Жауымнан емес досымнан қорқам
Сыналса сатып кетер деп
Өзімнен емес сезімнен қорқам
Жүрекке маза берместен
Қуанған шексіз кезімнен қорқам
Айналып қайта келмес деп

Қайырмасы
Сыйлаңдар ата-ананы
Солармен өмір бағалы
Жылатып қара көздерді
Жетім етпейік баланы
Сыналу үшін сыйлаған
Жаратқан мынау ғаламды
Қорқыныш болмас жүректе
Түзетсек бірге заманды

Читайте также: