О махаббат меломен текст песни

Обновлено: 19.09.2024

Жаңа арман жағасында,
Жанып тұрған жұлдызым.
Жақын болып барасың ба?
Бәрінен де бүгін.
Жәудірейді бота көзің,
Қарай берем ұрланып.
Күннен күнге жанып жүзің,
Барады нұрланып.

Қайырмасы:
О махаббат, қосу-алу.
Шығарып сап тосып алу
О махаббат күйіп жану.
Бір көргеннен сүйіп қалу.

Жүрсем дағы дала шыңда,
Ойымдасың бағым-ау!
Мың сұлудың арасында,
Ең сұлу шамым — ау!
Таусылмайтын сияқтысың,
Айта берсем, жарығым.
Сыйлап кеттің жүрекке жыр,
Махаббат жалынын.

Қайырмасы:
О махаббат, қосу-алу.
Шығарып сап тосып алу
О махаббат күйіп жану.
Бір көргеннен сүйіп қалу.

Читайте также: