Гаухар алимбекова текст песни

Обновлено: 23.11.2024

1. Жазығым не, өзiңдi сүйгенiм бе?
Сүйгенiм бе, отыңа күйгенiм бе?
Жүрегiңнiң жұрт ұқпас сырын ұғып, 2 рет
Ешкiмге айтпай iшiме түйгенiм бе?

Жазығым не, менi әлi түсiнбеймiн,
Бар ма әлде жазған бiр iсiм деймiн.
өзiң — жұмбақ, шеше алмай мен де — жұмбақ, 2 рет
өтiп жатыр бұлдырап түсiмдей күн.

2. Жазығым не, айтқанда бұлақ әнiн,
Күлгенiн айыра алмай, жылағанын.
Бар дүниенi ұмытып сенен басқа, 2 рет
Қалжырап кеп қасыңа құлағаным.

3. Күндер өтер жарқырап таң атқанда,
Бiтедi-ау бұл азапты сағаттар да.
Күнмен бiрге келер-ау қалқам менiң, 2 рет
Бiрақ соны тосуға тағат бар ма?

Читайте также: