Песня махаббат жаска карамайды текст

Обновлено: 03.07.2024

Əні: Бердаулет Еңсе
Сөзі: Кенжебек Жанəбіл
Қалай бұл қалай бұл болса да арада талай жыл
Кешіккен сезімнің шешімі табылмас оңай бұл
Солай бұл солай бұл түсініп кешіріп қарай біл
Жетпесің гүлдегі көктегі күнге ғашық талай гүл

қайырмасы:
Махаббат жасқа қарамайды
Сезім білдіртпей жарамайды
Ал сүйген жүрек қаламайды
Үндемей қалуды
Сүймейтін жан болмайды
Білгендер таң қалмайды
Әр адам армандайды бақытын табуды

Қайтеді қимайды асау сезім жаным қинайды
Жаралы жүрегім ұмтылып кеудеге сыймайды
Ойлайды ойлайды сүйген соң сағынбай қоймайды
Мезгілсіз келсе де махаббат құіретін жоймайды

қайырмасы:
Махаббат жасқа қарамайды
Сезім білдіртпей жарамайды
Ал сүйген жүрек қаламайды
Үндемей қалуды
Сүймейтін жан болмайды
Білгендер таң қалмайды
Әр адам армандайды бақытын табуды

Читайте также: