Хикая мадмен текст песни
Обновлено: 22.12.2024
Солған сәтте, түс аян бермейді, көз ояу көрмейді бітпес дау!
Тоймадым биыл, арманым биік!
Ұядан ұштым мен!
Сен берген бар іліммен, Қорқыныш бар ілінген
Қолдан дым келмейд деме, кеудедегі от өшпейд тек үміт бер!
Барымды салдым әніме, жүректен шыққан бұл әңгіме!
Уақыт сырын айтпайд, әлі сенемін әуен әлемінде.
Келемін әлі мен, әлі мен, әліммен, әлі міне
Азғантай ғана қалды шыдашы, уәдем, уәдем
Күн менен туды, бір-ақ мүмкіндік
Енді таян, таян, таян, таян да барыңды бер!
Барыңды бер күмәнсіз
Өзіңді аямай!
Уақыт кетпейді үні мәнсіз
Сөзіңді сатпа оңай!
Бұл қою күйім мұң менен талас, күлкі аралас!
Сезімге толы хикая
Сенім? Сенбейтінге сенбеймін.
Сөйлейтіндерге келдім.
Көзінде жалыны жоқ, мақсаты жоқ,
Қарыны тоқ, өзіне сенімсіз тым!
Күлгендерге де күлем қазір.
Жоғарыдан төмен қарай сатының басынан.
Әрқашан досың ба, қасың ба, жақсылықта шығатын қасынан?
Өмір өкпелейді, өкпені өткенге төкпе дит.
Өйткені мұң да еркелейді, мұнайған бала көп үндемейді.
Ойлар таудан да биік. Куә Ай және Күн.
Қу түлкілер - жамылған сөздері автотюн.
Ей, кім еді дым жерді басып саз қылған?
Әңгімен - семіз, бірақ шыңдығы жоқ қылтан!
Сөзбен атам айтқан сөзбен ішіңнен қиратам!
Адамдар тірі жүріп, үміт артат зиратқа.
Келемін әлі мен, әлі мен, әліммен әлі міне
Азғантай ғана қалды шыдашы, уәдем, уәдем
Күн менен туды, бір-ақ мүмкіндік
Енді таян, таян, таян, таян да барыңды бер!
Барыңды бер күмәнсіз
Өзіңді аямай!
Уақыт кетпей үні мәнсіз Сөзіңді сатпа оңай
Бұл қою күйім мұң менен талас, күлкі аралас!
Сезімге толы хикая
Сезімге толы хикая
Сезімге толы хикая
Сезімге толы хикая
Submitted by wakitjok on Wed, 21/10/2020 - 23:04
Читайте также: