Бір тілек текст песни

Обновлено: 17.05.2024

Елігің боп еркелейін,
Күнің болып нұр төгейін, жаным.
Болашақтың нұрлы таңын,
Өзіңменен бір көрейін.

Үлпілдеген жүрегімсің,
Таусылмайтын тілегімсің.
Жанымда бол, жарқыным менің.
Махаббаттың тірегісің,
Соның бәрін білемісің,
Айналайын алтыным менің.


Алыстама сағым құрай,
Қайғы-мұңға малындырмай.
Әрқашанда қасымда жүр,
Қасымда жүр сағындырмай.

Үлпілдеген жүрегімсің,
Таусылмайтын тілегімсің.
Жанымда бол, жарқыным менің.
Махаббаттың тірегісің,
Соның бәрін білемісің,
Айналайын алтыным менің.

Читайте также: