Ауениммен сен текст песни

Обновлено: 22.12.2024

Àuenimmen sen
Припев:
Сыр айтып сөздерің
Күлімдейді көздерің
Керегі жоқ маған өзіңнен өзгенің
Кел деме,кет деме
Қалмашы кектене
Ауа болып мен енейін өкпеңе
Куплет:
Ойым терең өзен
Көңілімде әуен мен сен
Кірбің салмай санаға
Ұшты арман шағала
Қол бұлғадым жағада. Мен.
Әлсіз жүрегіме
Сен мүлдем күмән келтірме
Баянсыз бұл жалғанда
Мүмкіндік бер талғамға
Бір жетейік арманға
——————————-
Ілес сөзіме,бөлек әлемге,менімен бірге
——————————-
Рэп:
Бірақ сен,пайдаландың сезімді
Жаралғансың тауысуға төзімді
Көз ілді армандарымның бәрі,мәні
Айтшы енді,не қалайсың тағы?
Жаным маған мұң сыйлауға келіппең?
Өзегімнен тептің мені неліктен?
Түсін мені,үйреністім,сый бөлістім
Ең бақытты күйде құштым
Нәтижесі күйзелістің!
Қинасаңда,Қимасаңда
Мен қашанда сүйемін
Жақынымсың,ақылымсың,
Бақытымсың киелім
—————————
Күттім сені,төзіміммен
Мендегі қиялдар көзін ілген
Сезінуден қорықпадым
Бақытқа бөлеу үшін жолыққаным
—————————
Бридж:
Кеудем толып күдікпен
Сонда да үміттенем
Ғұмыр кешіп келемін
Сеніммен,сеніммен
Алға басамын қадам
Сенеді маған ғалам
Үндеме. Үндеме.
—————————
Припев:
—————————

Читайте также: