Ак жол саган апкетайым текст песни

Обновлено: 05.07.2024

Уа әлеумет қолында көк туы бар
Қарт қобыздың құпиясын ұғып ал
Жүрегімде қазақ деген ұлы елдің
Мұңы жыры үні менен сыры бар
Сендерге арнап тіл қатамын алыстан
Қазақ деген жаралған ел намыстан
Қайраты бар арыстан мен алысқан
Айбаты бар жеңістермен табысқан
Қобызбенен тербетілген жүрегі
Түркілердің ол бүгінгі тірегі
Бірлігі мен ынтымағы жарасып
Алшаң басып алға ғана жүреді
Акын болған батыр болған бабасы
Көз жеткізбес ұланғайыр даласы
Тереңдерге тамыр жайған қазақтың
Бәйтерек болып өсіп шықты баласы

Читайте также: